Укроп

Аскөк

тұқымдары

Химиялық құрамы
Аскөк жемісінде эфир майы, флавоноидтер, каротин және 20%-ға дейін майлы заттар бар.
Жапырақтарының құрамында эфир майы, флавоноидтер, С дәрумені, каротин, фолий, никотин және пантотен қышқылдары, сондай-ақ калий, кальций, фосфор мен темір тұздары кездеседі.
Эфир майының негізгі құрамдас бөліктері – кетон карвон, терпендер: фелландрен, дилапиол, терпинен және лимонен.

Фармакологиялық қасиеттері
Аскөк тұқымдары қақырық түсіретін және жел айдайтын құрал ретінде қолданылады.
Халық медицинасында тұнбасы немесе ұнтағы стенокардия ұстамаларын болдырмау, 1 және 2 дәрежелі гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ұйқысыздық, іштің түйілуі, аллергиялық дерматит, қышыну, аяқ жарасы мен геморрой кезінде, сондай-ақ несеп айдайтын, іш жүргізетін және тәбетті арттыратын, ас қорыту мен коликаны жеңілдететін құрал ретінде пайдаланылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.