Шалфей

Шатыраш

жапырақтары

Химиялық құрамы
Шатыраштың құрамындағы цинеол өсімдіктің қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның құрамында: Р және РР дәрумендері; микро- және макроэлементтер; терпенттер мен флавоноидтар; алкалоидтар; шайырлы және илік заттар бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Шатыраш жапырақтарының қайнатпасы мен тұнбасы кең ауқымды қабынуға қарсы және қан тоқтататын әсерімен ерекшеленеді. Оны келесі жағдайларда қолданады:
• тамақ пен ауыз қуысы ауруларында;
• тыныс жолдарының инфекцияларында;
• тіс жұлғаннан кейін;
• қызылиек қабынуларында;
• гинекологияда (шайыну үшін);
• шаш күтімінде (шаю үшін).

Ішке қабылдау көрсеткіштері:
• өт қабының жұмысындағы бұзылыстар;
• гастрит, іш коликасы, метеоризм;
• асқазан жарасы;
• лактацияның төмендеуі;
• жүйке жүйесін нығайту.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.