Итошаған
фитошай
Химиялық құрамыИтошаған шөбінің құрамында сапониндер, дубильді заттар, кумариндер (скополетин, эскулетин, умбеллиферон), флавоноидтар (лютеолин, 7-О-α-D-глюкопиранозид лютеолині, цинарозид), стероидтар, халкондар (бутеин, 7-О-α-D-глюкопиранозид бутеина, изокореопсин, 7-О-α-D-глюкопиранозид (R-2)-изооканин, флавономареин), аурондар (маретимеин, маритиметин, сульфуреин, сульфуретин), көмірсулар, әртүрлі балауыз түрлері, липидтер, эфир майы, органикалық қышқылдар (3,2%), витаминдер (С, токоферолдар, каротин), микроэлементтер (әсіресе марганец) және басқа да қосылыстар бар.
Фармакологиялық қасиеттері
Итошаған тұнбасы несеп айдайтын, тер шығарғыш, өт айдайтын және бактерицидтік әсер береді, ас қорытуды жақсартады, бұзылған зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Шөптің майлы экстракттары қабынуға қарсы және жара жазғыш қасиетке ие. Зерттеулер бойынша, итошаған тұнбасы седативтік әсер көрсетеді, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғысының амплитудасын арттырады және біраз мөлшерде тегіс бұлшықет тонусын күшейтеді.
Зат алмасуды жақсартатын құрал ретінде итошаған тұнбасын әртүрлі диатездерде, бөртпелермен жүретін жағдайларда, скрофулезде, нейродермитте, бас терісінің себореялық зақымдануында, артритте, подаграда қолданады; тер шығарғыш ретінде — суық тию ауруларында, несеп айдайтын ретінде — зәр-жыныс жүйесі ауруларында; витаминдік құрал ретінде — өкпе ауруларында, терідегі жаралы үдерістерде, колиттің жаралы түрінде пайдаланады.
Скрофулездің алдын алу үшін балаларды аптасына 1 рет итошаған қайнатпасы қосылған ваннада сабынсыз шомылдырады. Емдеу мақсатында — аптасына 3 рет ванна және қосымша ішуге арналған тұнба тағайындалады.
Итошағанның қайнатпасымен жараларды жуады, терідегі безеулер мен бөртпелерді емдейді, терінің серпімділігін арттырады.
Гинекологияда шөптің қайнатпасы әйелдер жыныс мүшелерінің қабыну ауруларында ванна және микроклизма ретінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.