Пармелия

Жерқына

шөбі

Химиялық құрамы
Жерқынаның емдік қасиеттері оның құрамымен байланысты: уснин қышқылы (өте күшті табиғи антибиотик), күрделі көмірсулар, полисахаридтер — лихенин (қына крахмалы), эвенин және изолехенин, калий, фосфор, кальций, аскорбин қышқылы.

Фармакологиялық қасиеттері
Жерқына күшті бактерицидтік және жара жазатын құрал ретінде қолданылады. Туберкулез, бронхит, сыртқы жаралар кезінде, сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларында ынталандырушы құрал ретінде және асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында тұтқыр әсері бар құрал ретінде пайдаланылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.