Красная щётка

Төрт қилы родиола

тамырлары

Химиялық құрамы
Төрт қилы родиоланың тамырларында антрагликозидтер, салидрозид гликозиді, эфир майы, органикалық қышқылдар, стериндер, балауыздар, фенолдар, қанттар, ақуыздар, майлар, пирогаллол тобының дубильді заттары, үштік спирттер, флавоноидтер, С дәрумені, антоциандар, микро- және макроэлементтер бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Төрт қилы родиоланың негізгі белсенді заттарының бірі — салидрозид гликозиді. Ол ісікке қарсы (онкопротекторлық), адаптогенді және қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
Сонымен қатар төрт қилы родиола жүйке жүйесін тыныштандырады, ағзаның гормоналды тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі, ақыл-ой және дене жұмысқа қабілеттілігін арттырады.
Оны маусымдық дәрумен жетіспеушілігінде, әртүрлі этиологиядағы ісіктерде қосымша құрал ретінде, етеккір циклінің бұзылуында, жатыр мойны эрозиясында, эндометриозда, мастопатияда, простатитте, потенцияның төмендеуінде, анемияда, лейкозда, эндокриндік, инфекциялық және қабыну ауруларында қолдану ұсынылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.