Укроп 20

Аскөк

фитошай

Химиялық құрамы
Аскөк жемістерінің құрамында эфир майы, флавоноидтер, каротин және 20%-ға дейін майлы заттар бар.
Жапырақтарында эфир майы, флавоноидтер, С дәрумені, каротин, фолий, никотин және пантотен қышқылдары, калий, кальций, фосфор мен темірдің тұздары кездеседі.
Эфир майының негізгі компоненттері — кетон карвон, терпендер фелландрен, дилапиол, терпинен және лимонен.

Фармакологиялық қасиеттері
Аскөк жемістері қақырық түсіретін және жел айдайтын құрал ретінде қолданылады.
Халық медицинасында тұнбасы немесе ұнтағы стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін, артериялық гипертонияның 1–2 дәрежесінде, созылмалы коронарлық жеткіліксіздікте, ұйқысыздықта, іш бұлшықеттерінің түйілуінде, аллергиялық дерматит пен қышуда, балтыр ойық жарасында, геморройда, сондай-ақ несеп айдайтын, іш жүргізетін, тәбетті ашатын және ас қорыту процесін жақсартатын, іш кебу мен құрысуға қарсы құрал ретінде пайдаланылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.