Сенна

Сана

жапырақтары

Тағамға антра-гликозидтер (сеннозидтер А және В, реин, алоэ-эмодин), флавоноидтер, стеролдар, органикалық қышқылдар (линол, пальмитин және стеарин қышқылдары) және аз мөлшерде алкалоид іздері кіретін биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады.
Бұл фитошай ас қорыту жүйесінің функционалдық күйін қолдауға және ішектің табиғи моторикасын жақсартуға көмектеседі. Дене массасын реттеуге ықпал етеді.

Дайындау тәсілі:
8 г (2 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құйып, қақпағын жауып, қайнап тұрған суда (су моншасында) 30 мин қыздырады. Бөлме температурасында 10 мин салқындатып, сүзеді. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді. Дайын тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.

Қабылдау тәсілі: жылы күйінде күніне 1–2 рет қабылдайды.

Құрамы: сана жапырақтары – 40 г.

Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.