Түймедақ
фитошай
Химиялық құрамыТүймедақ гүлдері био-флавоноидтерге, кумариндерге, полисахаридтерге, фитостериндерге, илік заттарға, А, С және В₃ дәрумендеріне, ақуыз қосылыстарына, шайырлар мен слизяларға, органикалық қышқылдарға бай.
Минералдық құрамы: кальций, йод, магний, қорғасын, темір, никель, марганец, селен, мыс, мырыш, ванадий, кобальт, барий, хром және алюминий элементтерімен ұсынылған.
Өсімдіктің барлық бөліктері 0,1–0,8% түймедақ эфир майынан тұрады. Эфир майының құрамында 40-қа жуық түрлі компонент бар. Ең құндысы — бисаболол мен хамазулен. Соңғысы ағзаға қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсер етеді.
Фармакологиялық қасиеттері
Түймедақ гүлдері түйілуді басатын, дезинфекциялайтын, антиаллергиялық, қабынуға қарсы, қызу түсіретін, антисептикалық, жел айдайтын, өт айдайтын, тыныштандыратын, құрысуға қарсы және жеңіл ауырсынуды басатын қасиеттерге ие.
Құрамындағы компоненттер ас қорыту процесін жақсартып, ішекте газ түзілуін азайтады, асқазан сөлінің және өттің бөлінуін күшейтеді, тәбетті арттырады.
Құрамындағы слизялар ағзадағы токсиндерді сіңіріп, олардың шығарылуына ықпал етеді, сонымен қатар ішек қабырғасын қаптап, оның шырышты қабығының тітіркенуін, ауырсыну мен түйілуін басуға көмектеседі.
Өсімдік гликозидтерінің м-холинолитикалық қасиеттері түйілуді басатын әсер береді.
Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.