Бессмертник

Салаубас

гүлдері

Салаубас гүлдерінің құрамында дубильді заттар, хинондар, кумариндер, 6%-дан астам флавоноидтар, хош иісті қосылыстар, каротиноидтар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, β-ситостерин және басқа да пайдалы заттар бар.

Фармакологиялық қасиеттері:
Салаубас өт бөлінуін күшейтеді, оның құрамын жақсартады, өт айдайтын, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және түйілуді басатын әсер береді.
Асқазан мен ұйқы безінің сөл бөлу қызметін ынталандырады, зәр айдайтын және қан тоқтататын әсер көрсетеді.
Салаубас тұнбасы әйелдердегі етеккірдің шамадан тыс келуі немесе аналық бездердің қызметінің бұзылуынан болатын жатырдан қан кетуде, жатыр миомасы кезінде қан кетуді азайту мақсатында қолданылады.
Салаубас гүлдері өт айдайтын шөп шайларының құрамына кіреді.

Дайындау тәсілі:
10 г (3 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құйып, қақпағын жауып, су моншасында 30 минут ұстайды.
10 минут салқындатып, сүзгіден өткізіп, қалған шикізатты сығып алады.
Алынған тұнбаны қайнатылған сумен бастапқы көлеміне дейін жеткізеді. Дайын тұнбаны тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамаңыз.

Қолдану тәсілі:
Қайнатпаны жылы күйінде 1/2 стаканнан күніне 2–3 рет, тамақтан 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Құрамы: салаубас гүлдері – 25 г.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.