Алатікен күнжарасы
итмұрын қосылған
Химиялық құрамыАлатікен күнжарасы 150-ден астам пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерді қамтиды. Зерттеулер барысында өсімдіктен силимарин атты ерекше әрі сирек биологиялық белсенді флавоноидты кешен анықталған. Ол бауыр жасушаларының мембраналарын нығайтып, ағзаға түсетін уыттардың жасуша ішіне өтуін тежейді. Силимарин регенерация үдерістерін күшейтіп, белок синтезіне ықпал етеді, гепатоциттердің әртүрлі инфекциялар мен улануларға төзімділігін арттырады.
Алатікен күнжарасы — өсімдік тұқымдарын өңдеу нәтижесінде алынатын өнім. Бұл өнім талшыққа бай, ал талшық ішекті табиғи жолмен тазартып, пайдалы микрофлораның қалыптасуына көмектеседі. Итмұрын қосылуы дәрумендік құндылығын күшейтіп, антиоксиданттық әсер береді.
Фармакологиялық қасиеттері
Алатікен өт түзілуі мен ағуын қалыпқа келтіреді, асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартады, бауырдың қорғаныш қызметін күшейтеді, гепатоциттердің қалпына келуін қолдайды және май алмасуын реттейді. Ағзаны шлактардан, радионуклидтерден және уыттардан тазартады, артериялық қысымды теңестіреді, қандағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіреді, бүйрек қызметін жақсартады.
Алатікенді жүйелі қолдану зақымданған гепатоциттердің қалпына келуіне, жасуша мембраналарының нығаюына, бауыр айналасындағы май жиналу қаупінің азаюына және бауырдағы алмасу үдерістерінің жақсаруына ықпал етеді. Өсімдік өт қабының жұмысын қалыпқа келтіріп, өт ағуын күшейтеді.
Қолданылуы ұсынылады: ерте токсикозда; инфаркттардың алдын алуда; жүрек-қантамыр ауруларында; қант диабетінде; циррозда; өт-тас ауруында; семіздікте; варикозда; сарыауруда; иммун тапшылығында; гепатитте; холециститте; геморройда; остеохондрозда.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.