Расторопша шрот

Алатікен

күнжарасы

Химиялық құрамы
Алатікен күнжарасы 150-ден аса пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерді қамтиды. Ғалымдар бұл өсімдіктің биохимиялық құрамын зерттеу барысында өте сирек кездесетін және бірегей биологиялық белсенді зат — силимаринді анықтаған. Силимарин — флавоноидты кешен, ол бауыр жасушаларының мембраналарын өзгертіп, ағзаға қауіпті уыттар түскен кезде олардың жасуша ішіне өтуін бөгейді. Сондай-ақ ол регенерация процестерін ынталандырады, белок синтезіне көмектеседі, гепатоциттерді қорғайды және түрлі инфекциялар мен улануларға қарсы тұрақтылығын арттырады.

Алатікен күнжарасы өсімдік тұқымдарын өңдеу арқылы алынатын өнім болып табылады. Ол талшыққа бай, ал талшық ішекті табиғи жолмен тazартуға көмектеседі және пайдалы ішек микрофлорасының қалыптасуына әсер етеді.

Фармакологиялық қасиеттері
Алатікен өттің түзілуі мен ағуын қалыпқа келтіреді, асқазан-ішек жолының жұмысын реттейді, бауырдың қорғаныш қызметін жақсартады, гепатоциттердің қалпына келуіне және қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май алмасуын реттеуге көмектеседі, ағзаны зиянды экологиялық факторлардың әсерінен қорғайды, шлактарды, радионуклидтерді және токсиндерді шығарады, қан қысымын қалыпқа келтіреді, қандағы глюкоза деңгейін реттейді, липидтік алмасуды жақсартады және бүйрек қызметін қалыпқа келтіреді.

Алатікен күнжарасын қабылдау бауыр жасушаларының қалпына келуіне, олардың мембраналарының нығаюына, бауыр айналасында май жиналу қаупінің төмендеуіне және бауырдағы алмасу процестерінің жақсаруына ықпал етеді. Өсімдік өт қабының жұмысын қалыпқа келтіріп, өт ағуын арттырады. Осылайша бауыр мен өт жолдарының ауруларының дамуын баяулатады.

Қолданылуы ұсынылады: ерте токсикоз жағдайында, инфаркттің алдын алу үшін, жүрек-қантамыр ауруларында, қант диабетінде, циррозда, өт-тас ауруында, семіздікте, варикозда, радикулитте, сарыауруда, иммун тапшылығында, гепатитте, холециститте, геморройда және остеохондрозда.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.