Алатікен
жемістері
Химиялық құрамыАлатікен – пайдалы қоректік заттарға бай өсімдік. Оның құрамында флавоноидтер, E, D, K, B дәрумендері, ферменттер, ащы заттар, шайырлар, сапониндер, сілекейлі заттар, алкалоидтар, органикалық қышқылдар бар.
Алатікен тұқымдарының ең құнды компоненті – силимарин, ол қуатты гепатопротекторлық әсерге ие. Бұл зат бауыр жасушалары – гепатоциттердің қызметін қалпына келтіріп, оларды қорғайды.
Фармакологиялық қасиеттері
Алатікен өттің түзілуі мен ағуын қалыпқа келтіреді, асқорыту жүйесінің жұмысын реттейді, бауырдың қорғаныш функцияларын жақсартады, гепатоциттердің қалпына келуі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Алатікен қолданғанда зақымданған гепатоциттер қалпына келеді, олардың мембраналары нығаяды, бауырдың айналасында майдың жиналу қаупі төмендейді, бауырдағы алмасу процестері жақсарады.
Өсімдік өт қуығының жұмысын қалыпқа келтіріп, өттің ағуын күшейтеді, бауыр мен өттің бірқатар ауруларының даму қаупін азайтады.
Алатікен келесі жағдайларда ұсынылады: ерте токсикоз, инфаркттің алдын алу, сондай-ақ жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, цирроз, өт тастары, семіздік, варикоз, радикулит, сары ауру, иммун тапшылығы, гепатит, холецистит, геморрой, остеохондроз.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.