Крапива 20

Қалақай

фитошай

Химиялық құрамы
Қалақай жапырағының химиялық құрамы биологиялық белсенді заттарға өте бай. Олардың ішінде: дәрумендер – A, C, H, K, E және B тобының дерлік барлық дәрумендері; макроэлементтер – кальций, калий, хлор, натрий; микроэлементтер – мырыш, мыс, марганец; дубильді заттар; хлорофилл; фитонцидтер; флавоноидтер; құмырсқа қышқылы; галлус қышқылы бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Қалақай қанды тазартады, жараларды жазуға көмектеседі, иммунитетті күшейтеді, А және С дәрумендерінің жетіспеушілігінің алдын алады, қақырықтың шығуын жеңілдетеді, антисептикалық әсер көрсетеді және қабыну үдерістерін баяулатады. Сонымен қатар ол өт айдайтын, несеп айдайтын, тырысуға қарсы және ісікке қарсы белсенділікке ие.
Қалақайдың етеккір циклін реттеуге және асқазан-ішек жолының шырышты қабаттарының қалпына келуін жеделдетуге қабілеттілігі анықталған.
Батыс елдерінде қалақай ісік ауруларын емдеуде қолданылады. Жоғары мөлшердегі хлорофилл әйелдердің репродуктивтік функциясын жақсартуда, ішектің жұмысын қалыпқа келтіруде, тіндердің қайта қалпына келуін жеделдетуде тиімді екенін дәлелдейді. Бірқатар зерттеулер өсімдіктің гемоглобин деңгейін қалыпқа келтіретінін және көмірсу алмасуына оң әсер ететінін көрсетеді.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.