Гинкго билоба 20

Гинкго билоба

фитошай

Химиялық құрамы
Гинкго жапырақтарының химиялық құрамы бірегей. Оның құрамында 100-ден астам түрлі белсенді заттар бар. Тек осы өсімдікке ғана тән гингколид пен билобалид кездеседі, олардың мөлшері 12%-ға дейін жетеді. Құрамының төрттен бір бөлігін кверцетинді қоса алғандағы биофлавоноидтер құрайды. Сонымен қатар таниноидтер, гинкго қышқылдары, катехиндер, минералдар, көмірсулар, балауыз, стероидтер бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Гинкго экстракты қан тамырларына әсер ететін вазоактивті қасиетке ие. Билобалид фосфодиэстераза белсенділігін төмендетеді, бұл жасушаларда гуанозинмонофосфаттың жиналуына және цитоплазмадағы кальций иондарының азаюына әкеледі. Нәтижесінде қан тамырларының қабырғалары босаңсып, қан айналымы жақсарады. Бұл қасиет потенцияны жақсарту және тромбоздың алдын алу үшін пайдалы. Гинкго ағзаның антиоксиданттық қорғанысын арттырады.
Өсімдіктегі флавоноидтер металл иондарымен байланысып, бос радикалдардың концентрациясын төмендетеді. Терпеноидтер мен кейбір минералдар да антиоксиданттық әсер көрсетеді. Гинкго нейрондардың зақымдану қаупін төмендетеді, көмірсу алмасуын қалыпқа келтіреді.
Өсімдік мигрень, жасқа байланысты гормоналдық өзгерістер, бас айналу, естудің нашарлауы, астма, аллергия, депрессия, шаш түсу, витилиго кезінде қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.