Түймедақ
гүлдері
Сыртқа қолданылуыТүймедақ гүлдері антисептикалық құрал ретінде шаюға, компресс, таңғыштар және ванналар жасауға қолданылады.
Химиялық құрамы
Түймедақ гүлдерінің құрамында 0,8%-ға дейін көк түсті эфир майы болады. Оның негізгі белсенді компоненттері: хамазулен, сесквитерпенді көмірсулар фарназен мен кадинен, бисаболол спирті және оның оксидтері, матрицин және матрикарин лактондары, алифатты терпен, мирцен, каприл, нонил, изовалериан және басқа да қышқылдар.
Эфир майынан бөлек, гүлдерде апигенин-гликозидтер, кумаринді қосылыстар, ситостерин, холин, С дәрумені, β-каротин, органикалық қышқылдар, полисахаридтер, минералды тұздар кездеседі.
Дайындау тәсілі
1,5 литр қайнаған суға 4 ас қасық құрғақ түймедақ гүлдерін салып, баяу отта 5 минут қыздырады. Содан кейін сүзіп алады.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.