Аюқұлақ
жапырақтары
Химиялық құрамыАюқұлақ жапырақтарының құрамында тритерпеноидтер (α-амирин, α-амирин ацетаты, β-амирин, лупеол, уваол), фенолдар мен олардың туындылары (арбутин (8–16%), метиларбутин, гидрохинон және т.б.), фенолкарбон қышқылдары, кумариндер, катехиндер, пирогалдар тобының дубильді заттары (30–35%), органикалық қышқылдар (хин қышқылы, құмырсқа және алма қышқылдары), флавоноидтер (гиперозид, кверцетин, кверцитрин, изокверцитрин, мирицитрин), антоциандар (дельфинидин, цианидин), балауыз, шайыр, эфир майының іздері және минералды тұздар бар.
Фармакологиялық қасиеттері
Аюқұлақ жапырақтарының негізгі әсер етуші компоненттері — фенолдар мен олардың туындылары, флавоноидтер және дубильді заттар. Арбутин мен метиларбутин гидрохинонға дейін ыдырап, оның тітіркендіргіш және бактерияға қарсы әсері арқасында зәр бөлінуін күшейтеді және несеп жолдарын бактериялардан тазартады.
Аюқұлақтың дубильді заттары да антисептикалық әсер көрсетеді. Бұл олардың микробтық белоктармен кешен түзу қабілетіне байланысты және несептің рН-на тәуелді емес.
Растение құрамындағы дубильді заттар қабынуға қарсы әсер береді. Флавоноидтер салуретикалық әсерге ие (зәр шығаруды, сонымен қатар натрий мен хлор иондарының шығарылуын арттырады).
Зәр айдайтын, микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсерлерінің үйлесуі аюқұлақты несеп жолдары қабынуларын және су-тұз алмасуы бұзылған бүйрек жеткіліксіздігін емдеуде құнды өсімдік етеді.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.