Пол-пола

Пол-пола

шөбі

Химиялық құрамы
Пол-пола (эрва жүнді) шөбінің құрамында индол алкалоидтары: эрвин, метилэрвин, эрвозид, эрволанин; ферулоиләмидтер; фенол қышқылдары; флавоноидтар — ацилгликозидтер тилирозид, кумароил-тилирозид, эрвитрин, нарциссин; тритерпеноидтар; пектиндік заттар; лупеол, кемпферол және олеан қышқылының туындылары бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Пол-пола (эрва жүнді) несеп айдайтын және тас ерітетін қасиеттерге ие.
Сондықтан пол-пола тұнбасы тұз алмасуының бұзылуында, гастритте, пиелонефритте, циститте, уретритте, подаграда, бүйрек пен несеп шығару жолдарының қабынуында, несеп шығару қиындағанда, бүйрек, несеп қуығы және несепағар тастарын шығаруда, сондай-ақ құртқа қарсы құрал ретінде қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.