Ортосифон
жапырақтары
Химиялық құрамыОртосифон жапырақтарының құрамынан тритерпенді сапониндер, ащы гликозид ортосифонин (0,01%), эфир майы (0,2–0,6%), майлы май (2,7%), дубильді заттар (5–6%), алкалоидтардың іздері және органикалық қышқылдар: шарап қышқылы (1,5%), лимон, розмарин және фенолкарбон қышқылдары табылған.
Фармакологиялық қасиеттері
Ортосифон тұнбасы несеп айдайтын және өт айдайтын әсер береді. Несеп айдайтын әсері организмнен несепнәрді, несеп қышқылын және хлоридтерді шығарумен, асқазан бездерінің секрециясын күшейтіп, асқазан сөліндегі бос тұз қышқылының мөлшерін арттырумен, өттің бөлінуін көбейтумен және бірыңғай салалы бұлшықеттерге антиспазмолитикалық әсермен қатар жүреді.
Ғылыми және халық медицинасында ортосифон шөбінің тұнбасын өт қабының және несеп қуығының қабынуында, полиартритте, подаграда, бүйрек пен өт тастары кезінде қолданады.
Ортосифон диабетте, жедел және созылмалы бүйрек ауруларында және жүрек жеткіліксіздігіне байланысты пайда болатын ісінулерде тиімді.
Сонымен қатар, ғылыми медицина бүйрек шайын церебралды атеросклерозда және бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуымен жүретін гипертонияда қолдануды ұсынады.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.