Шоңайна
тамырлары
Химиялық құрамыШоңайнаның тамырларының құрамында көмірсулар (қанттар, инулин), алифатты альдегидтер, органикалық қышқылдар (изовалериан, транс-гексен-2, май, пропион, тиглин, сірке қышқылдары), эфир майы, полиaцетилен қосылыстары, илік заттар (4,1–7,3%), флавоноидтар және күкіртті қосылыстар бар.
Фармакологиялық қасиеттері
Шоңайна тамырлары несеп айдайтын, өт айдайтын, дезинфекциялайтын және терлететін қасиеттерге ие; ағзадағы ақуыздарды ыдырататын ферменттердің түзілуін, ұйқы безінің инсулин бөлуін ынталандырады, бауырдағы гликоген мөлшерін арттырады және зат алмасу процестерін белсендіреді.
Шоңайна тамырларының тұнбасын ішке қабылдау зат алмасу бұзылыстарында (подагра, буын ревматизмі, бүйрек және өт тастары, қант диабеті), тері ауруларында (іріңді ошақтар, құрғақ және майлы бөртпе, қышыну, безеу), гастритте, асқазан жарасында, созылмалы іш қатуда, геморройда, ісінуде, рахитте және етеккірдің кешігуінде қолданады.
Себорея және май бездерінің қабынуы кезінде де шоңайна тамырларының қайнатпасын ішке қабылдау ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.