Зімбір шайы
сергектікке арналған
Биологиялық белсенді қоспа.Дәрілік препарат болып табылмайды.
Зімбір – ежелден белгілі дәмдеуіш. Адам зімбірді 2000 жылдан астам уақыт бойы түрлі ауруларды емдеу және тағам мен сусын дайындау үшін пайдаланып келеді. Оны «ғажайып емші» деп атауы тегін емес, себебі оның ағзаға тигізетін оң әсері өте кең.
Шайдың өсімдік компоненттерінің кешені:
• дәрумендердің (A, D, E, K, C және B тобы), микроэлементтердің (магний, кальций, фосфор, темір, мырыш, калий, натрий, алюминий, кремний) қосымша көзі болып табылады;
• адам ағзасы үшін маңызды барлық аминқышқылдары мен эфир майларын қамтиды;
• шаршаған кезде, жалпы жағдай мен өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Құрамы:
Зімбір тамыры – 20 г
Мате шөбі – 10 г
Стевия шөбі – 5 г
Қарақат жемісі – 5 г
Қолдану тәсілі:
1 сүзбе пакетті стаканға салып, 200 мл қайнаған сумен құйып, 15–20 минут тұндырады. Қажетіне қарай, күннің бірінші жартысында қабылдау ұсынылады. Дәміне қарай бал мен лимон қосуға болады.
Қарсы көрсетілімдер:
Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік, жүктілік және бала емізу кезеңі.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Өнімді температурасы 25°C-тан аспайтын құрғақ жерде сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл