Өгейшөп
жапырақтары
Химиялық құрамыӨгейшөптің гүлдерінде бояғыш және илік заттар, эфир майы, фитостериндер, гликозидтер, арнидиол болады.
Жапырақтарының құрамына сапониндер, инулин, шырышты заттар, илік заттар, танин, эфир майы, ситостерин, туссилягин, органикалық қышқылдар, каротиноидтер, аскорбин қышқылы кіреді.
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік жапырақтарындағы шырышты заттар асқазан-ішек жолының шырышты қабаттарын қабынудан және тітіркенуден қорғайды. Осы қасиеті арқасында өгейшөп тамақтың жыбырлауын азайтып, жөтелді жеңілдетеді.
Құрамындағы сапониндер мен қышқылдар қақырықты сұйылтып, оның шығуын жеңілдетеді.
Өгейшөпті мына жағдайда қолданады: тұмау, плеврит, фарингит, ларинготрахеит, бронхит, бронхиальды астма және басқа да тыныс жолдары аурулары.
Сонымен бірге ол келесі патологияларда тиімді: ауыз қуысының қабынуы, асқазан-ішек жолы аурулары, жүрек пен бүйрек аурулары, тіс ауруы, мастит, фурункулдар, күйік және жаралар, тері аурулары, қайызғақ пен шаш түсуі, диатез, әлсіздік.
Өгейшөптің терлететін, өт айдайтын және жара жазатын әсері бар.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.