Липа

Жөке ағашы

гүлдері

Химиялық құрамы
Жөке ағашының гүлдерінде эфир майы болады, оның құрамына фарнезол, гесперидин флавоноиді және басқа да гликозидтер кіреді. Сонымен қатар гүлдерде илік заттар, каротин, аскорбин қышқылы және сапониндер кездеседі.

Фармакологиялық қасиеттері
Жөке гүлдерін микробқа қарсы, терлететін және қызу түсіретін құрал ретінде ангина, бронхит, тұмау және суық тию кезінде қолданады.
Нерв жүйесі жоғары қозғанда тыныштандыратын әсер береді.
Ас қорыту және зат алмасуы жеңіл бұзылғанда да пайдаланылады.
Халық медицинасында жөке гүлінің тұнбалары мен шайлары дене қызуы көтерілгенде, суық тиюде, бүйрек пен қуықтың қабынуында терлететін, несеп айдайтын, әлсіз тырыспаға қарсы және секретолитикалық құрал ретінде кеңінен қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.