Тасшөп
шөбі
Химиялық құрамыТасшөп шөбінің құрамында эфир майы (1,7%-ға дейін) бар, оның негізгі компоненттері — фенолдар: тимол және сұйық карвакрол. Эфир майында аз мөлшерде цимол, борнеол, терпинен, терпинеол кездеседі. Сонымен қатар өсімдіктің құрамында илік заттар, урсол, кофей, хлороген және олеанол қышқылдары, флавоноидтар, камедь, ащы заттар, макро- және микроэлементтер бар.
Фармакологиялық қасиеттері
Тасшөп шөбінің тұнбасы қақырық түсіретін және микробтарға қарсы әсер етеді. Ол бронх бездерінің секрециясын арттырады, жоғарғы тыныс жолдарының кірпікшелі эпителийінің қозғалыс белсенділігін күшейтеді, қақырықты сұйылтып, қабыну өнімдері мен кілегей массаларын шығаруды тездетеді.
Тамақ пен көмейдің құрғақ зақымдалуы кезінде өсімдік қабықтап қорғайтын әсер көрсетеді.
Сонымен бірге тасшөп құрамындағы флавоноидтардың арқасында өсімдік түйілуді басатын қасиетке ие, бұл оның қақырық түсіретін әсерінің маңызды механизмі болып табылады.
Асқазан сөлінің бөлінуі төмендегенде, ішек атониясы немесе түйілулері болғанда, тасшөп препараттары асқазан-ішек жолы ауруларында да тиімді. Оның залалсыздандыру қасиеттері ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.