Зверобой плюс

Зверобой плюс

фитошай

Құрамында илік заттар, флавоноидтер, эфир майлары, сапониндер, каротин және аскорбин қышқылы бар шайқурай биологиялық белсенді қоспа ретінде ас қорыту, жүрек-қан тамыр және жүйке жүйелерінің қызметін қолдау үшін қолданылады.
Шайқурайдың құрамындағы пайдалы заттар ағзаның жалпы жағдайын жақсартады, қан айналымын реттейді, өт айдайтын және қабынуға қарсы әсер береді.

Құрамы:
шайқурай шөбі – 48 г, түймедақ гүлдері – 2 г.

Дайындау тәсілі:
10 г (1,5 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут ұстайды, содан кейін 10 минут салқындатып, сүзгіден өткізіп, қалған шикізатты сығып алады.
Тұнбаны қайнаған сумен 200 мл көлеміне дейін жеткізеді.
Дайын тұнбаны тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамаңыз.

Қолдану тәсілі:
Жылы күйінде 1/3 стаканнан күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Фармакологиялық қасиеттері:
Шайқурай асқазан-ішек жолдарының ауруларында кеңінен қолданылады. Өт айдайтын, қабынуға қарсы, несеп айдайтын және қан тамырларын нығайтатын әсері бар.
Асқазанның төмен қышқылды гастритінде, ішектегі газ түзілуінде, холециститте, гепатитте, өттің іркілуінде, колиттерде және бүйрек тасы кезінде пайдалы.

Қарсы көрсетілімдер:
өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.