Өт айдағыш
фитошай
Бұл фитошай ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, зат алмасуды қалыпқа келтіруге және тәбетті арттыруға көмектеседі.Құрамында дәрумендер, флавоноидтер, минералды заттар, эфир майлары, микро және макроэлементтер бар, олар тағамға биологиялық белсенді қосымша ретінде пайдалы әсер етеді.
Шай өт айдайтын, қабынуға қарсы және жалпы нығайтатын қасиетке ие.
Құрамы:
салаубас гүлдері – 10 г, мыңжапырақ шөбі – 10 г, шайқурай шөбі – 10 г, жалбыз жапырағы – 10 г, итмұрын жемістері – 10 г.
Дайындау тәсілі:
10 г (1–2 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут ұстайды, содан кейін 10 минут салқындатып, сүзгіден өткізіп, қалған шикізатты сығып алады.
Тұнбаны қайнаған сумен 200 мл көлеміне дейін жеткізеді.
Дайын тұнбаны тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамаңыз.
Қолдану тәсілі:
Жылы күйінде күніне 1/2 стаканнан 3 рет, тамақтан 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер:
өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.