Сұрыпталған түймедақ
гүлдері
Химиялық құрамыТүймедақ гүлдерінде 0,8%-ға дейін көгілдір эфир майы бар, оның негізгі компоненттері — белсенді зат хамазулен, сесквитерпен көмірсутектері фарназен мен кадинен, бисаболол спирті және оның оксидтері, лактондар матрицин мен матрикарин, алифатикалық терпендер, мирцен, каприл, нонил, изовалериан және басқа да қышқылдар болып табылады.
Эфир майынан бөлек, түймедақ құрамында апигенин-гликозидтер, кумарин қосылыстары, ситостерин, холин, С дәрумені, β-каротин, органикалық қышқылдар, полисахаридтер және минералды тұздар бар.
Фармакологиялық қасиеттері
Түймедақ — ең бағалы дәрілік өсімдіктердің бірі. Оның бай химиялық құрамы кең терапиялық әсер береді. Түймедақ препараттары асқорыту бездерінің сөл бөлу қызметін белсендіреді, өт айдайды, тәбетті ашады, іштің бұлшықеттерінің түйілуін басады, ішекте газ түзілуін азайтады, теріні сергітеді, ауырсынуды басады, қабынуға және микробтарға қарсы әсер етеді, қышуды басып, терлеуді арттырады, етеккірді реттейді және аллергияға қарсы әсер көрсетеді.
Түймедақты асқазан-ішек жолдарының және несеп шығару жүйесінің түйілуімен өтетін ауруларында, метеоризм мен бауыр ауруларында, әсіресе өт тасы ауруында қолдану тиімді.
Түймедақ гүлдері жел шығаратын және жұмсартатын шөп қоспаларының, сондай-ақ тамақ шаюға арналған қоспалардың құрамына кіреді.
Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.