Пижма

Түйменшетен

гүлдері

Химиялық құрамы:
Түйменшетен гүлдерінің құрамында 2% эфир майы, флавоноидтер, фенолкарбон қышқылдары, танацетин атты ащы зат, 6% илік заттар және алкалоидтер бар.
Эфир майының құрамындағы кейбір қосылыстар пайдалы әсерімен қатар улы қасиетке де ие болғандықтан, түйменшетенді қолданғанда мөлшерін қатаң сақтау қажет.

Фармакологиялық қасиеттері:
Түйменшетен ішек құрттарына қарсы тиімді құрал ретінде пайдаланылады.
Асқазан ауруларында (әсіресе қышқылдығы төмен гастрит пен ахилия кезінде), ішек ауруларында, сондай-ақ бауыр мен өт жолдары ауруларында өт айдайтын құрал ретінде қолданылады.
Ол өт бөлінуін күшейтіп, оның құрамын қалыпқа келтіреді, өт қабы мен ішек түтіктерінің түйілуін жеңілдетеді.
Түйменшетен сондай-ақ есептес емес холециститте, өт жолдарының гипо- және гипермоторлы дискинезиясында, ревматизмде, етеккір циклі бұзылғанда, жүйке әлсіреуі мен несеп-жыныс жүйесінің қабынуында қолданылады.

Құрамы: түйменшетен гүлдері – 40 г.

Қолдану тәсілі:
10 г (3 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, үстіне 200 мл қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут қыздырады, содан кейін бөлме температурасында 10 минут суытады.
Сүзілген тұнбаны күніне 2–3 рет тамақ алдында 1/2 стаканнан жылы күйінде ішеді.

Қарсы көрсетілімдер: Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік жағдайында қолдануға болмайды.