Бауырға арналған
фитошай
Құрамы:Шайқурай шөбі – 5 г, мыңжапырақ шөбі – 5 г, түймедақ гүлдері – 5 г, пижма гүлдері – 5 г, итмұрын жемістері – 5 г, шалфей жапырақтары – 5 г, аңызтамыр тамырлары мен тамырсабағы – 5 г, тырнақшөп шөбі – 5 г, үшқат шөбі – 5 г.
Пайдалану мақсаты:
Бұл фитошай тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады және дәрумендердің (С, Е, К), илік заттардың, флавоноидтердің, эфир майларының, макро- және микроэлементтердің, сондай-ақ ащы заттардың табиғи көзі болып табылады.
Бауырдың және жалпы ас қорыту жүйесінің функционалдық жағдайын қолдауға, зат алмасуды қалыпқа келтіруге және ағзаны дәрумендермен байытуға көмектеседі.
Фито-шай өт айдайтын және гепатопротекторлық әсерге ие, яғни бауыр жасушаларын қорғайды және олардың қызметін жақсартады.
Дайындау тәсілі:
10 г (1–2 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут қыздырады, содан соң бөлме температурасында 10 минут суытады.
Алынған тұнбаны сүзіп, қалған шикізатты сығып алады да, көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді.
Дайын тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.
Қолдану тәсілі: Жылы күйінде дайын тұнбаны күніне 2–3 рет тамақ алдында 1/2 немесе 1/3 стаканнан қабылдайды.
Қарсы көрсетілімдер: Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік жағдайында қолдануға болмайды.