Бақбақ
тамырлары
Химиялық құрамы:Бақбақтың тамырында шамамен 25% инулин, тритерпенді қосылыстар (амирин, тараксерол), илік заттар мен шайырлар, минералды тұздар (әсіресе калий көп), инозит, стероидтар, шырыш, холин, А, В₁, С және D дәрумендері, майлар, 3% каучук, аз мөлшерде эфир майлары мен флавоноидтар, органикалық қышқылдар бар.
Фармакологиялық қасиеттері:
Бақбақ — құрамында ащы заттары бар дәрілік өсімдік. Оның тамыры мен препараттары тәбетті ашуға және асқорытуды жақсартуға қолданылады.
Ғылыми медицинада бақбақтың тамыры асқазан мен ішектің секреторлық және қозғалыс белсенділігін арттыру, өттің бөлінуін және асқорыту бездерінің сөл шығаруын күшейту үшін пайдаланылады.
Бақбақ асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады, асқазан сөлін бөлуге көмектеседі, тәбетті арттырады, зат алмасуды реттейді.
Сонымен қатар, қандағы қант деңгейін төмендетуге, өттің тоқтап қалуын болдырмауға, іш қатудан, жөтелден және паразиттерден арылуға көмектеседі.
Бақбақ ағзаның жалпы тонусын және иммундық жүйенің жұмысын арттырады.
Құрамы: бақбақ тамырлары – 50 г.
Дайындау тәсілі:
10 г (2 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут қайнатады, содан соң 10 минут салқындатып, сүзеді.
Алынған тұнбаны қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді.
Дайын тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен артық сақтамаңыз.
Қолдану тәсілі: жылы күйінде 1/3 стаканнан күніне 3 рет, тамақтануға 15 минут қалғанда қабылдаңыз.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.