Сұлы
табиғи сұлы
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспа.Дәрілік препарат болып табылмайды.
Сұлы сөзі «дені сау болу» дегенді білдіреді. Бұл – салауатты тамақтанудың баға жетпес өнімі.
Сұлы дәндерінің құрамында жасұнық, ақуыздар, майлар, крахмал, А, С, Е, К, Н және В тобы дәрумендері, сондай-ақ темір, фосфор, хром, күкірт, магний, мырыш, фтор, марганец, йод, калий, кальций, кремний сияқты микроэлементтер бар. Сонымен қатар пектиндер, органикалық қышқылдар, флавоноидтар мен сапониндер қамтылған. Сұлының ағзаға әсерінің басты қасиеті – ұзақ өмір сүруге ықпал етуі.
Пайдалы қасиеттері:
Сұлы жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады, ағзадан артық сұйықтықты шығарады, холестерин деңгейін төмендетеді, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады және иммунитетті көтереді.
Сонымен қатар зат алмасуды ынталандырып, қандағы қант мөлшерін азайтады, қалқанша безінің қызметін жақсартады.
Тамаша табиғи құрал ретінде ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады, салмақты қалыпқа келтіруге, асқазан-ішек және зәр шығару жүйесінің жұмысын реттеуге көмектеседі.
Сұлы қайнатпасы қанды жаңартып, «бақыт гормоны» серотониннің түзілуіне ықпал етеді.
Дайындау тәсілі:
100 г сұлыны жуып, үстіне 0,5 л суық су құйып, 12 сағатқа қалдырыңыз.
Содан кейін баяу отта қақпағын жауып, шамамен 30 минут қайнатыңыз.
Бөлме температурасында салқындатып, сүзгіден өткізіңіз.
Қолдану тәсілі:
Тамақ ішерден 15–30 минут бұрын, күніне 4–5 рет 100 мл-ден шағын жұтыммен ішіңіз.
Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз.
Дайындалған қайнатпаның жарамдылық мерзімі – тоңазытқышта сақтаған жағдайда 2 тәулік.
Құрамы: сұлы – 100%
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Өнімді құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, температурасы 25°C-тан аспайтын және ылғалдылығы 70%-дан жоғары емес жағдайда сақтау қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 3 жыл
СТ РК 2671-2015