Жұпаргүл
шөбі
Химиялық құрамы:Жұпаргүл шөбінің құрамында эфир майы (1,2%-ға дейін), тритерпеноидтар, β-ситостерин, алкалоидтар, фенолкарбон қышқылдары (кофеин, розмарин, хлороген қышқылдары), кумариндер, флавоноидтар, антоциандар, илік заттар, аскорбин қышқылы (500 мг-ге дейін) бар.
Эфир майының негізгі компоненттері — тимол мен карвакрол, олардың жалпы мөлшері 44%-ға дейін жетеді. Сонымен қатар эфир майында сесквитерпендер, бос спирттер, геранилацетат және басқа да қосылыстар кездеседі.
Фармакологиялық қасиеттері:
Жұпаргүл орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді, тер бездерінің, бронх және ас қорыту жолдарының бездерінің секрециясын арттырады, ішек перистальтикасын және тонусын күшейтеді, жатырдың тегіс бұлшықеттерін тонусқа келтіріп, оның жиырылуын реттейді.
Өт айдайтын, несеп айдайтын, ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, құртқа қарсы және микробқа қарсы әсер көрсетеді.
Жұпаргүлді қолдану келесі жағдайларда ұсынылады: жедел және созылмалы бронхит, көкжөтел, тәбет төмендегенде, ас қорыту бұзылғанда, әсіресе асқазан-ішек жолдарының секреторлық жеткіліксіздігінде, холециститте, өт жолдарының дискинезиясында, іш қату мен метеоризммен жүретін энтероколитте, алғашқы және қайталама аменореяда, ауырсынатын етеккірде, жүйкелік және жыныстық қозғыштық артқанда, күйзеліс пен ұйқысыздықта.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.